Верификацияға өтінімде Қазақстан өндірушісі қандай мәліметтерді көрсетуі тиіс?
Мобильді құрылғылар өндірісін сертификаттауға өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
-
Өндіріс туралы мәліметтер: Өндіріс күні, серия/партия нөмірі;
-
Растайтын құжат (Құжат түрі мен нөмірі): Сертификат (міндетті емес);
-
Өндіріс туралы көрсетілген мәліметтер шеңберінде Қазақстанда өндірілген құрылғылар туралы мәліметтер: бренд, модель, құрылғылардың барлық IMEI мәндері, сериялық нөмір (міндетті емес).
GSM дерекқорында және уәкілетті мемлекеттік органдарда көрсетілген мәліметтерді сәтті тексергеннен кейін мобильді құрылғылар сәйкестендіру кодтары дерекқорының "Ақ тізіміне" енгізіледі. Мұндай құрылғыларға арналған байланыс қызметтері шексіз мерзімге ұсынылатын болады.