Тексеруге арналған өтінімде жеке тұлға қандай мәліметтерді көрсетуі керек?

Жеке пайдалануға арналған мобильді құрылғыларды әкелу кезінде жеке тұлғалар үшін верификациялауға арналған өтінімде мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс*:

  1. Әкелу тәсілі (өздігінен немесе сәлемдемемен);

  2. Әкелу күні;

  3. Экспорт елі (құрылғы қайдан әкелінеді);

  4. Растайтын құжаттардың бірі:

    • Мемлекеттік шекараны кесіп өту фактілері туралы анықтама (ҚР визалық-көші-қон порталында мына мекенжай бойынша қолжетімді: https://vmp.gov.kz/) өтінімге құжаттың pdf қосымшасымен

    • Жолаушылар декларациясы

  1. Көрсетілген растаушы құжат шеңберінде импортталған құрылғылар туралы мәліметтер: импортталатын құрылғылардың бренді, моделі, барлық IMEI мәндері, сериялық нөмірі (міндетті емес).

GSMA дерекқорында және уәкілетті мемлекеттік органдарда көрсетілген мәліметтерді сәтті тексергеннен кейін мобильді құрылғылар сәйкестендіру кодтары дерекқорының "Ақ тізіміне" енгізіледі. Мұндай құрылғыларға арналған байланыс қызметтері шексіз мерзімге ұсынылатын болады.

 * Бұл ретте, 2025 жылғы 25 маусымға дейін қолжетімді расталмаған ұялы телефондардың иелері – жеке тұлғалардың мобильді құрылғыларды верификациялауы үшін тек құрылғылар туралы мәліметтерді көрсету жеткілікті: әкелінетін құрылғылардың бренді, моделі, барлық IMEI мәндері, сериялық нөмірі (міндетті емес).

GSMA дерекқорында көрсетілген мәліметтерді сәтті тексергеннен кейін мобильді құрылғылар сәйкестендіру кодтары дерекқорының "Ақ тізіміне" енгізіледі.

Мұндай құрылғыларға арналған байланыс қызметтері шексіз мерзімге ұсынылатын болады.