Маған шетелден ұялы телефон пакеті келеді, оны тексеру керек пе?

Мобильді құрылғы міндетті түрде тексеруден өтуі керек.

"Абоненттік құрылғыларды мониторингілеу мен сәйкестендірудің ақпараттық жүйесі" порталында верификациялауға өтінімде: https://kz-imei.kz жеке тұлға мынадай мәліметтерді көрсетуі тиіс:

  1. Өтінім түрі-Жеке пайдалану үшін әкелу;

  2. Әкелу тәсілі-халықаралық жөнелтілетін жөнелту (сәлемдеме)

  3. Экспорт елі (құрылғы қайдан әкелінеді);

  4. Растайтын құжаттардың бірі: жолаушылар декларациясы немесе сәлемдеменің трек нөмірі;

  5. Көрсетілген растаушы құжат шеңберінде импортталған құрылғылар туралы мәліметтер: импортталатын құрылғылардың бренді, моделі, барлық IMEI мәндері, сериялық нөмірі (міндетті емес).

GSM дерекқорында және уәкілетті мемлекеттік органдарда көрсетілген мәліметтерді сәтті тексергеннен кейін мобильді құрылғылар сәйкестендіру кодтары дерекқорының "Ақ тізіміне" енгізіледі. Мұндай құрылғыларға арналған байланыс қызметтері шексіз мерзімге ұсынылатын болады.