"Қолмен" сатып алынған құрылғыны тексеру керек пе?

Егер сіз бұрын Қазақстанның * ұялы байланыс желісінде тіркелген пайдаланылған құрылғыны сатып алған болсаңыз, онда оны верификациялаудың қажеті жоқ.

Верификация ҚР-ға жаңадан әкелінген, ҚР-да жаңадан өндірілген, бұрын Қазақстанның ұялы желілерінде тіркелмеген мобильді құрылғылар үшін тек 1 рет жүзеге асырылады.

* Құрылғының Қазақстанның ұялы желілерінде тіркелгенін оның IMEI коды бойынша сәйкестендіру кодтары дерекқорының сайтында мына мекенжай бойынша тексеруге болады https://imei.rfs.gov.kz/, сондай - ақ Egov mobile мобильді қосымшасында "танымал қызметтер" - "абоненттік құрылғының IMEI тексеру"бөлімінде.