Мен ұялы телефонға Kaspi/Halyk market/Freedom mobile және т. б. тапсырыс бергім келеді, оны өзім тексере аламын ба?

Құрылғыны Қазақстан аумағына әкелуді жүзеге асырған тұлға ғана верификациялай алады.

Пайдаланушыларға мобильді құрылғыны сатып алмас бұрын мобильді құрылғының әрбір IMEI кодының тексеру күйін тексеруді ұсынамыз. Тексерудің оң нәтижесі "IMEI сәтті тексерілді және оны ҚР-да пайдалануға болады" мәртебесі болып табылады

Мобильді құрылғының тексеру күйін келесі ақпараттық ресурстарды қолдана отырып тексеруге болады:

1) EGOV mobile мобильді қосымшасында "танымал қызметтер" бөлімі, "абоненттік құрылғының IMEI тексеру"сервисі   

2) верификация АЖ порталының басты бетінде http://kz-imei.kz/ в "сатып алудан бұрын құрылғыны тексеру" бөлімі

3) сәйкестендіру кодтары дерекқорының сайтында https://imei.rfs.gov.kz/ 

Егер құрылғы тексерілмесе немесе сатушы IMEI туралы мәлімет бермесе, сатып алудан бас тарту ұсынылады, себебі ол ҚР ұялы байланыс желілерінде жұмыс істемейді.