Құрылғыларды верификациялау дегеніміз не?
Верификация -бұл GSMA жаһандық ұялы байланыс жүйесі қауымдастығының және Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстанның ұялы байланыс желісінде құрылғыны пайдаланудың заңдылығын тексеру процесі.
Бұл ретте ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау Қазақстан Республикасының аумағында өндірісті жүзеге асыратын тұлғалардан және (немесе) оларды Қазақстан Республикасының Салық және кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелуден және (немесе) уәкілетті сервистік орталықтардан алынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары туралы мәліметтер негізінде жүргізіледі.