Желіде құрылғыларды тіркеу кезінде қандай тізімдер бар?

  •  "Ақ тізім" (ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға рұқсат етілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі) – мәліметтері сәтті тексерілген және Қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
  • "Сұр тізім" (ұялы байланыс қызметтерін ұсынумен шектелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі) - қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына уақытша енгізілген АҚ және қара тізімдерге енгізілмеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
  • "Қара тізім" (ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі) – қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі, оның ішінде:
    • сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
    • онда өндіруші тағайындаған сәйкестендіру коды жоқ;
    • сәйкестендіру коды Ғаламдық ұялы байланыс жүйесі қауымдастығының (GSMA)дерекқорының қара тізіміне енгізілген;
    • олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын өндіру және (немесе) жөндеу туралы мәліметтерді және (немесе) абоненттік құрылғыларды тіркеу қағидаларында белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді растау жоқ ұялы байланыс.