16.Мобильді құрылғыларды тексеруге арналған өтінімде қандай құжаттарды көрсету керек?
Құрылғыны верификациялауға арналған өтінімде оның Қазақстанға заңды әкелінгенін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді көрсету қажет: Жеке тұлғаларға арналған жолаушылар декларациясын қоса алғанда, кедендік декларация немесе ЕАЭО елдерінен әкелу кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжат, сондай-ақ егер құрылғы халықаралық жөнелтіліммен алынған болса, сәлемдеменің трек нөмірі.
25 наурыздан 25 мамырға дейінгі заңдастыру кезеңінде верификациялауға өтінімде әкелуді растайтын құжаттарды көрсету міндетті емес. Заңдастыру процесіне әсер етпейді.