2.Заңдастыру кезеңінде ҚМС АЖ-да мобильді құрылғыларды қандай тексерулер жүргізілетін болады?
2025 жылдың 25 наурызы мен 25 мамыры аралығында келесі тексерулер жүргізіледі:
• IMEI пішімінің үлгісіне сәйкестігі бойынша (14 саннан 16 санға дейінгі);
GSMA ДҚ-да:
• GSMA-да қолданушы көрсеткен IMEI бар ма;
• IMEI өтінімінде пайдаланушы көрсеткен құрылғының бренді мен моделінің сәйкестігі;
• Егер бір құрылғыда бірнеше IMEI болса, келесіні орындауқажет; пайдаланушы олардың барлығын көрсеткенін тексеріңіз (GSMA-дағы IMEI санының сәйкестендіргіші – Imeiquantitysupport).
СКДҚ-да:
• Бұғатталған СКДҚ құрылғыларының тізімінде көрсетілген IMEI-дің болуы ;
• Ұсынылған IMEI-ді Қазақстан операторларының желісінде пайдалану.
Заңдастыру кезеңінде мобильді құрылғының IMEI пішімінің үлгісіне (14-16 сан) сәйкестігінен басқа бір немесе одан да көп тексерулерден өтпеуі верификациялау нәтижесіне әсер етпейді . Құрылғы верификацияланып, мобильді желілерге қолжетімділік мүмкіндігі беріледі
Тексеру нәтижелері хабарлама тәртібімен жүреді. Пайдаланушыға тексеру нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі, заңдастыруға әсер етпейді.