1.Алдын ала тексеру дегеніміз не? Ол не үшін қажет?
Алдын ала тексеру – сервис Қазақстан аумағына мобильді құрылғыларды әкелуді жүзеге асыратын импорттаушыларға да, мобильді құрылғыны жеке пайдалануға сатып алатын жеке тұлғаларға да арналған.
Сервис мобильдік құрылғылардың IMEI-кодтарын тікелей импорттауға (әкелуді декларациялауға) не жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алуына дейін тексеруге мүмкіндік береді, бұл GSMA ДҚ-да IMEI-кодтары бойынша мәліметтері жоқ валидті емес мобильді құрылғыларды импорттау/сатып алу тәуекелін болдырмауға мүмкіндік береді.