Верификацияға өтінімнің мәртебесі "Құжат шекарадан өту фактілері туралы анықтама болып табылмайды" деген себеппен"қабылданбады". Әрі қарай не істеу керек?

Верификацияға өтінімде ҚР визалық-көші-қон порталынан алынған pdf форматындағы мемлекеттік шекараны кесіп өту фактілері туралы анықтама қоса берілуге тиіс: https://vmp.gov.kz/;

Резидент еместер анықтаманы ҚР ҰҚК Шекара қызметінен eOtinish-ке жүгіну арқылы ала алады (https://eotinish.kz ) (анықтамада міндетті түрде ЖСН, Қазақстанға кіру күні, мемлекеттік органның мөрі немесе QR көрсетілуі тиіс).

Басқа (кіру туралы белгісі бар паспорт бетінің фотосуреті, келу туралы хабарлама және т.б.) құжаттарға жол берілмейді.

Егер сізде анықтама алуда немесе ондағы ақпараттың дұрыстығында проблемалар туындаса, ҚР визалық-көші-қон порталының қолдау қызметтеріне жүгіну керек.