Бір ЖСН/БСН-ге қанша мобильді құрылғыларды тексеруге болады?
Қазақстанға әкелінген, Қазақстанда өндірілген, сондай-ақ уәкілетті сервистік орталықтар жөндеген мобильді құрылғыларды верификациялау үшін бір ЖСН/БСН саны бойынша шектеу жоқ.
Жеке тұлғалардың құрылғыларды верификациялауы (Жеке пайдалану үшін) мынадай шарттарға сәйкес бір ЖСН-мен шектеледі*:
-
Егер құрылғы ЕАЭО елдерінен (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей)әкелінген болса, жылына 2 смартфон, 2 планшет;
-
басқа елдерден-айына 2 смартфон, 2 планшет.
* осы шектеулер, оның ішінде 2025 жылғы 25 маусымға дейін қолданыста болатын оңайлатылған тәртіп шеңберінде жеке тұлғалар тексеретін құрылғыларды қамтиды.